Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 786
  • Week Visit: 49  437
  • Month Visit: 118  107
  • Years Visit: 649  703
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ

Панфилов ауданының әкімдігі 2018 жылдың 8 маусымында сағат 15.00-де Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129, 4-қабат кіші конференц-зал мекен жайы бойынша жер учаскелерін және жер учаскелерінің жалдау құқығын сату жөніндегі аукцион өткізеді
№ р/с Жер телімінің мекенжайы

 

Нақты жоспарлау жобасы бойынша телімнің нысаналы мақсаты Жер телімінің ауданы (га) Бастапқы бағасы (кадастрлық құны), теңге Жер учаскесіне қойылатын шектеулер (ауыртпашылықтар) тізімі Сатылатын құқық түрі Кепілдік төлем, теңге
1 2 3 4 5 6 7 8
1 Сарыбел ауылдық округі Мал бордақылау алаңы құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін 7 821 100 техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер теліміне кедергісіз өтуін қамтамасыз ету 5 жыл мерзімге жалға алу құқығы 50 АЕК
2 Жаркент қаласы, Оңтүстік-шығыс бөлігі Ғимаратқа қызмет көрсету 0,3134 428 888 техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер теліміне кедергісіз өтуін қамтамасыз ету жеке меншік құқығы 50 АЕК
3 Жаркент қаласы, Оңтүстік-шығыс бөлігі Ғимаратқа қызмет көрсету 0,228 98 325 техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер теліміне кедергісіз өтуін қамтамасыз ету жеке меншік құқығы 50 АЕК
4 Жаркент қаласы, Оңтүстік-шығыс бөлігі Ғимаратқа қызмет көрсету 3 2 587 500 техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер теліміне кедергісіз өтуін қамтамасыз ету жеке меншік құқығы 129 375
5 Пиджим ауылдық округі (Нұркент қаласы) Ғимаратқа қызмет көрсету 0,196 22 607 техникалық қызмет көрсету және инженерлік желілерді жөндеу үшін пайдаланушы қызметтердің және кәсіпорындардың жер теліміне кедергісіз өтуін қамтамасыз ету жеке меншік құқығы 50 АЕК

 

Аукционды өткізу шарты: Аукционды аукцион жүргізуші жүргізеді. Аукционды жүргізу және оның тәртіптері туралы хабарландырудан басталады. Аукционды жүргізуші объектінің бастапқы бағасын және бағаның көтерілу қадамын хабарлайды. Аукцион ағылшын тәсілімен өткізіледі (бастапқы бағасын көтеру). Қатысушылар хабарланған қадамнан бастап бағасын көтереді. Қадамның өзгеруі объектінің бастапқы немесе көтерілген бағасынан 5-10% шегінде белгіленеді. Объекті бойынша сауда-саттық ұсынылған бағаның ең жоғарғы мәресіне дейін барады. Аукционды жүргізуші соңғы аталған жоғарғы бағаны үш рет қайталап, басқа көтерілген нөмірлер (ұсыныстар) жоқ болған жағдайда балғаның ұрылуымен объектінің сатылғанын хабарлайды. Объекті бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың саны екеуден кем болмаған жағдайда, объекті бойынша сауда-саттық өтті деп саналады.

Жер телімдерін сату шарттары: Міндетті түрде нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, сатып алу-сату шартын жасау, объектіні жобалау үшін ғимараттың сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу, уақытылы жер учаскесін пайдалану төлемін бюджет кірісіне төлеу, сервитут ұсыну.

Сауда-саттықта тіркелген телімнің аукциондық бағасы, сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін 5 банкілік күн ішінде 50 % алдын-ала төлеу түрінде, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн аралығында толығымен төленуі қажет.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік  жарнаны келесі реквизитіне ақша аудару бойынша төлеуге болады: КММ  «Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімі» БСН 060240008994, Панфилов ауданы бойынша Қазынашылық басқармасы БИК KКМFKZ2A                                ИИК  KZ630705034631015001.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін: 1) мәліметтер түрінде нысанында жер учаскесіне жалдау құқығын сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім; 2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; 3) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер, ақпараттық хабарлама басылып шыққан күннен бастап  Жаркент қаласы, Розыбакиев көш., 17 мекен-жайы бойынша қабылданып, аукцион басталғанға дейін 24 сағат бұрын аяқталады.

Аукционға қатысушы ретінде тіркеу (қатысушы билеті бойынша) 2018 жылдың 8 маусымында сағат 13.00-де Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129, 4-қабат кіші конференц-залда басталып, аукцион  басталғанға дейін жүргізіледі. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

Қосымша ақпараттар және анықтамалар 8 (72831) 5-11-36, мекен-жайы: Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129, 4-қабат кіші мәжіліс-залы.

Пікірлер қалдыруы жабылған.