Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Ашық мемлекет»

FB_IMG_1527854027998 FB_IMG_1527854133587 FB_IMG_1527854136310

Панфилов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығы аясында 2018 жылдың 1 маусымы күні Жаркент қаласының орталық алаңында «Ашық мемлекет» атты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өтті. Іс-шара сағат 10.00 мен 12.00 аралығында болып, 185-ке жуық адам қатысты.

Жәрмеңкені өткізудің мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында белгіленген мақсат-міндеттерді, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, халықты электронды түрде берілетін қызметтер туралы хабардар ету, қызмет алушыларға электрондық цифрлық қолтаңбалар беру,  мемлекеттік қызметтер көрсету, қызмет алушыларды электронды түрде берілетін қызметтерді алу дағдыларына үйрету.

Жәрмеңкеге жұмыспен қамту орталығы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, АХАТ қызметі, ХҚКО аудандық бөлім, Жаркент қаласы әкімі аппараты қызметкерлері қатысты.

Жәрмеңке барысында аудан тұрғындары қажетті әдістемелік кеңестер алды. Әсіресе тұрғын үй қатынастары, жәрдемақы төлеу, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, жер мәселелері бойынша кеңес алуға сұраныс көп болды.

ХҚКО аудандық бөлімінің мамандары e-gov.kz Электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алудың тәртібін түсіндірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған