Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

1527612914769jpg.01527612915343jpg.01527612916345jpg.01527612917985jpg.01527497858621jpg.01527612916926jpg.0

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын және Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қазіргі кезде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру әр мемлекеттік органның басты назарында.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жыл басында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысы әкімі аппараты, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы «ХҚКО» департаменті халықты электронды қызмет алуға оқыту кестесін өзара келісіп бекіткен. Кестеге сәйкес Панфилов ауданы тұрғындары арасында да мақсатты жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ 04 мамыр күні аудан әкімі аппараты мен Алматы облысы бойынша ХҚКО департаменті Панфилов аудандық бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп Үлкенағаш ауылдық округінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөнінде оқыту семинарлары болды.

Бірінші семинар Үлкенағаш ауылындағы орта мектебінде ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілердің, келісім-шарт бойынша қызметшілердің, ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері қатысуымен өтті, екінші семинар Көктал-Арасан атындағы орта мектепте, үшінші семинар Үлкенағаш ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығында, төртінші семинар дәрігерлік амбулаторияда өтті. Семинар жұмысында слайдтар көрсетіліп, «Электронды үкімет порталына» тіркелу, қызмет алу бойынша іс жүзінде әдістемелік көмектер берілді. Тыңдаушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Семинар барысында барлығы 150 адам оқытылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған