Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 932
  • Week Visit: 39  120
  • Month Visit: 111  683
  • Years Visit: 699  176
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Меморандум

Халықтың қаржылық сауатын арттыру мәселесі бойынша өзара әрекет ету аясында, 2018 жылдың 20 Маусымда Жаркент  Қаласы әкімдігінің ғимаратында БАҚ және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен «БЖЗҚ» АҚ Алматы облыстық филиалының Жаркент қаласындағы Дербес қызмет көрсету орталығының қызметкерлері аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі көрсеткіштері айтылды. 2018 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 8,13 трлн теңгені құрады. Сөйтіп, бір жылдың ішінде (сәуір 2017ж. – сәуір 2018ж.) 1,21 трлн теңгеге артты. Яғни, өсім 17,5 пайызды құрады. Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 169,3 млрд теңге болды. Сөйтіп, бір жылдың ішіндегі табыстылығы (сәуір 2017ж. – сәуір 2018ж.) 8,8 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,5 пайыз болды.

БЖЗҚ қызметкерлері ресми статистикадан басқа, қазақстандық зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні, зейнетақы жинақтары қалай инвестицияланып, табыс қалай есептелетіні, БЖЗҚ, жұмыс беруші мен салымшы қандай құқықтар мен міндеттерді иеленетіні, неліктен жинақтау жүйесіне белсенді қатысып, тұрақты жарналар төлеу қажеттігі туралы айтып өтті.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындарға зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістерге қатысты кешенді мәселелер бойынша ақпарат беру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді.    

Шараға қатысушылар зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері мен алға қойылған мақсат-міндеттер жайында толыққанды мәліметтер алды. Қор қызметкерлері зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру кестесіне ауысу себептері, базалық зейнетақыны тағайындау тәртібінің өзгеруі және басқа да тақырыптар бойынша жан-жақты әңгімеледі.       

Бағдарлама аясында «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгізілген өзгерістер» атты көрнекі таныстырылым паш етілді. Онда зейнетақы заңнамасына енгізілген және болашақта енгізілетін өзгерістер: базалық зейнетақыны ұлғайту, шартты-жинақтаушы құрамдауыш туралы толыққанды мәлімет берілген.  

БЖЗҚ Алматы облыстық филиалының Жаркент қаласындағы Дербес қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қатысушыларға аталған өзгерістердің зейнетақы заңнамасына осы зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін нығайту, сондай-ақ мемлекеттік бюджет және жинақтаушы зейнетақы жүйесінен берілетін жиынтық зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру мақсатында енгізілгендігін атап көрсетті.       

«Зейнетақы жүйесінің құрылымы туралы білу, түсіну болашақ зейнеткерлерге зейнет жасына алдын ала дайындалуға септігін тигізеді. Бұл жәйт зейнеталды жасындағы азаматтарға да, еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жастарға да тиесілі. Өйткені, болашақ туралы, зейнет жасында алатын зейнетақы туралы ерте бастан ойлау керек. Ал бұл болашақта алатын зейнетақыны арттыру жолдарын қазірден бастап ойластыруға мүмкіндік береді», – деді Алматы облыстық филиалының Жаркент қаласындағы «БЖЗҚ» АҚ өкілдері.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Пікірлер қалдыруы жабылған.