Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Ашық мемлекет»

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында белгіленген мақсат-міндеттерді, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, халықты электронды түрде берілетін қызметтер туралы хабардар ету, қызмет алушыларға электрондық цифрлық қолтаңбалар беру,  мемлекеттік қызметтер көрсету, қызмет алушыларды электронды түрде берілетін қызметтерді алу дағдыларына үйрету мақсатында Панфилов ауданы әкімі аппараты мен Көктал ауылдық округінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 12 шілдесі күні Көктал ауылдық Мәдениет үйінде «Ашық мемлекет» атты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өтті.

Сонымен қатар Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жәрмеңкеге қатысқан округ тұрғындарымен ЭЦҚ алу, Электрондық үкімет порталына тіркелу, қызмет алу туралы онлайн-презентация өткізді.

 Жәрмеңкеге жұмыспен қамту орталығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, ХҚКО аудандық бөлім, Көктал ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері қатысты.

Жәрмеңке барысында округ тұрғындары қажетті кеңестер алды. Әсіресе тұрғын үй қатынастары, жәрдемақы төлеу, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, жер, сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша кеңес алуға сұраныс көп болды.

IMG_8439IMG_8444IMG_8449

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған