Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» Акциясы

Құрметті Алматы облысының тұрғындары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 21 мамырынан бастап «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акцияның басталу туралы хабарлайды.

Акцияға қатысу үшін алдымен смартфонға «Wipon» мобильді қосымшасын жүктеп, содан кейін тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды түбіртек фотосын жіберуі керек.

Акцияға қатысушыларға да, түбіртек санына да шектеу қойылмайды.

Бұл ретте, бір түбіртек бір ұтыс билетіне теңеледі.

Акция жеңімпаздары құнды сыйлықтармен марапатталады, ал басты жүлде – бұл автомобиль.

Акцияға қатысу үшін:

– түсірілген түбіртектің сүретін жолдау қажет;

– бір түбіртек жеке бір сүрет болуы қажет;

– жолданған түбіртекте ЖСН/БСН, күні, уақыты, қорытындысомасы, фискалдық белгі анық көрінуі тиіс;

– түбіртекте фискалдық белгі – ФП, Ф, F,

фискалдық, фискалдықтүбіртек жазбасы болуы керек; түбіртектің түпнұсқасын сақтау міндетті емес;

– «Wipon» мобилді қосымшаны жойған жағдайда алдынғы жолданғантүбіртектер есепке алынбайды;

– қайталап жолдаған түбіртектер есепке алынбайды;

– жолданған түбіртекте алынған тауарлардын күні және уақыты 2018жылдын 21 мамырынан ерте болмауы керек.

Мемлекеттік кірістер департаменті мамыр-маусым айларындағы ұтыс ойындарының қорытындысы бойынша жеңімпаздары анықталып, олар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұтыс жеңімпаздары түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталады. Қаншалықты көп түбіртекжолданса, Сізде жүлделерге ие болу мүмкіндігі соншалықты өседі, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтып алу мүмкіндігі артады.

Түбіртек фотосын жылдам жіберіңіздер!!!

Панфилов ауданы бойыеша МКБ

жетекші маман Мухамеди Е.Б

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған