Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Тауарлармен электрондық сауда

Салық салу мақсаттары үшін Салық кодексінің 1-бабының 65) тармақшасы

тауарлардағы электрондық сауда тұжырымдамасы айқындаған.

Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

* тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

* тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

* тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Сонымен бірге Салық кодексінің 88-баптың 1 тармақтың 10) тармақшаның бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

Салық кодексінің 24 баптың 13) тармағы бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және салық органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішіндемерзімдерде ұсынуға міндетті.

Салық кодексінің 28 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №249 бұйрығымен екінші деңгейдегі банктермен және банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен электрондық сауда саласында сатып алынған тауар үшін төлеу туралы мәліметтерді ұсыну мәселерін реттейтін Қағидалар бекітілді.

Бұл ретте,Қазпошта АҚ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылады.

Панфилов ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

бас маман Ибраева М

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған