Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Панфилов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің 2018 жылдың 20 қыркүйегінде өткізген бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі туралы

А Қ П А Р А Т

2018 жылдың 20 қыркүйегінде сағат 10.00 – де «Еңбек күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі бойынша «Аудандық мәдениет үйі» ғимаратында «Панфилов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Жәрмеңкеге Панфилов аумағындағы ауылдық округтердегі 300-ге жуық жұмыссыз азаматтар, 38 жұмыс орнын беруші мекемелер қатысты. Жәрмеңкеге қатысқан мекемелердің өкілдері, өз мекемелеріндегі жалпы 171 бос орын санын алдыға тартып, осы орындарға талаптарына сай жұмыссыз 2 азаматқа тұрақты жұмысқа жолдамалар беріліп, 10 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде 140-тан аса жұмыссыз азаматтар өздерін толғандырып жүрген мәселелері бойынша сауалдарына толық көлемде мағлұмат ала алды.

Алдағы уақытта да осындай жәрмеңкелерді өткізу өз жалғасын табады.

Панфилов ауданы әкімдігінің халықты

жұмыспен қамту орталығы коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің маманы Арайлым Буланова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған