Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Бақылау кассалық машинасын қолданатын салық төлеушілер назарына

2018 жылғы 16 тамыздағы № 758 « Казахстан Республикасынын Қаржы министрінің бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығы «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2018 жылдын 1 қазанынан бастап қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерінін тізімі кеңейді.

№ п/п Қызмет түрлері

1. Ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды көтерме саудада сату

2. Металл бұйымдарын, су құбырын және жылыту жабдықтары мен мүкәммалын көтерме саудада сату

3. Компьютерлерді, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтымды бөлшек саудада сату

4. Аудио және бейнетехниканы бөлшек саудада сату

5. Тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату

6. Жиһазды, жарықтандыру жабдықтары мен өзге де тұрмыстық керек- жарақтарды бөлшек саудада сату

7. Қонақ үйлердің көрсетілетін қызметтерді ұсынуы

8. Мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер

9. Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет

10. Шаштараздардың және сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы

11. Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату

12. Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу

13. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды көтерме саудада сату

14. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандарды бөлшек саудада сату

15. Сусындарды көтерме саудада сату

16. Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату

17. Тоқыма бұйымдарын сату

18. Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату

19. Киімдерді сату

20. Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату

21. Сағат және зергерлік әшекейлерді сату

22. Ломбард қызметі

23. Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі

24. Сыйақы үшін немесе келісімшарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару

25. Жарнама агенттіктерінің қызметі

26. Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі

27. Уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметі

ҚР-ның заңнамасы талаптары бойынша БКМ қолданудан жалтарған адамдар міндетті түрде жазалануға жатады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбүзушылық туралы кодексінің 284 бабының 1,2 бөліктеріне сәйкес, республика аумағында сауда операцияларын, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді ақшалай есеп айырысу жолымен жүзеге асыратындар үшін БКМ қолданбаған жағдайда, ақаулы немесе төлемге қабілетсіз БКМ қолданған немесе мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынбаған БКМ қолданған жағдайда ескерту жасалады.

Іс-әрекет, (әрекетсіздік) осы баптың бірінші бөлігінде көзделгендей әкімшілік жаза қолданылғаннан кейінгі бір жыл ішінде қайталап жасалса, айыппұлға тартылады.Айыппұл мөлшері: жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 15 – АЕК;орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК;ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК көлемінде болады.

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Бас манан Мухамеди Е.Б

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған