Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Салық төлемгерлерінің назарына. ЭШФ электронды түрде ресімдеуді міндетті кезеңді енгізу

Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 39 – қадамында көрсетілген «Кеден және салық жүйелерін интеграциялау» жоспарын жүзеге асыру барысында, салық салу мақсатында импорттаушылардың қадағалануы Қазақстан Республикасының аумағына таурларды әкелген сәттен бастап оның сатылымына дейін бақыланатын болады. Аталмыш қадамның іске асырылуы шеңберінде, шот-фактураларды рәсімдеу міндетті түрде электронды нысанға өтуін кезең – кезеңмен енгізу іс – шаралары қарастырылған.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілік ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 26 -VI Заңында – шот – фактураларды электрондық нысанда жазуға көшу міндеттемесі кезең-кезеңмен енгізілген, олар:

– 2017 жылғы 1 қаңтардан – Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалардың иелері, соңдай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайлардағы салық төлеушілер;

– 2018 жылғы 1 қаңтардан – мониторингке жататын ірі салық төлеушілер, халықаралық жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушілер.

– 2019 жылғы 1 қаңтардан – ҚҚС төлеушілердің барлығы.

Электронды шот – фактураларды жазу – уақытты және ақпаратты өңдеуге жұмсалатын шығыстарды (оператордың еңбек шығыстары, қағаз, принтер, орауыш, пошталық маркалар, жеткізу) азайтуға мүмкіндік беріп, электронды шот-фактураларды жазып беру бөлігінде кәсіпкерлердің жұмыс тиімділігін ұлғайтады. ЭШФ жазылған уақытта, ақпараттық жүйе ЭШФ – ның жазылу дұрыстығын автоматтық камералдық бақылаудан өткізеді, тиісінше қателіктерді болдырмайды.

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Жетекші маман И.О.Огузов

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған