Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Жаркентім- құтты мекен ел тұрағы

Панфилов ауданында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” мақаласы “Туған жер” бағдарламасы және “Алмасу” жобасы аясында “Жаркентім- құтты мекен ел тұрағы” өңірлік ауылшаруашылық мерекесі өтті.

Сан ғасырлық тарихы бар, түгін тартса майы шығатын, шымын тартса шырыны сорғалайтын, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, ынтымағы мен бірлігі жарасқан 35 ұлт өкілі тату-тәтті тірлік кешіп жатқан жер Жәннаты Жаркентте өткен шара ауданның әл ауқатын айқындады.

Көрікті күздің ерекше күніндегі мерейлі мерекеге жиналған жұртты құттықтаған аудан әкімі Темірлан Амангелдіұлы жаз бен қыстың арасын жалғайтын бұл уақыт еңбек пен төгілген тердің нәтижесін көрсететінін атап өтіп, Қазақ халқымен бірге мекен етіп келе жатқан аудандағы өзге ұлт өкілдерімен ынтымағын одан ары нығайтатын айтулы мерекенің орны ерекше екенін жеткізді.

“Алмасу” жобасы аясында өткен

“Үздік ауылдық округтер”, “Үздік бөлім және бөлімшелер” номинациясы бойынша үздіктер сыйланып, ең ұзақ мемлекеттік қызмет атқарушы, ауылды ең ұзақ басқарған әкім тағы басқа үздік деп аталған қызметшілер лайықты жүлделерімен марапатталды.

Лагман party шарасында онға жуық лагман түрі жасалып, лагман ұнын созу мен пісіру әдісі, дәмдендіру құпиясы көрсетіліп, көпшілікке таныстырылды. Лагманнан дәм татқан қала жұрты ыстық ризашылығын жеткізді.

Қала тұрғыны:

Бүгінгі шара керемет өтуде. Ынтымағы жарасқан Жаркентім бүгін шара барысында жұмыла еңбек етіп, өз болмыстарын, құндылығын айқын

көрсетті. Осындай іс-шара көптеп өтуін тілеймін. Ұйымдастырушы тарап әкімшілікке алғыс.

Бірлігі жарасқан жерде алар асу да биік болары анық. Елімізде тыныштық, жерімізде молшылық болсын!

 

 

 

 

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағатұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған