Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)

Сіз МӘМС жүйесін енгізу туралы не білесіз?

Қазақстанда 2017 жылдың шілде айынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өз жұмысын бастады. Біздегі медициналық сақтандыру үлгісінің негізгі қағидаттары: ынтымақтастық, жаппай қамту және әділеттілік, қаражат жинау кезінде – «әркімнен төлем қабілетіне қарай», ал медициналық көмек алуда «әркімге қажетіне қарай».

Аталған жүйе жинақтаушы жүйе емес, және қаражатты дербестендіре бөлу қарастырылмаған. Ортақ қаржыландыру – бұл ай сайын Медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер, жұмыскерлер, өзін-өзі қамтитын азаматтар және негізгі әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар үшін негізгі төлеуші ретінде мемлекет тарапынан түсетін жарналар мен аударымдар.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесін анықтау үшін өзінің ЖСН ұсыну жеткілікті.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына кімдер жарна төлемейді?

Бұл, олар үшін мемлекет жарна төлейтін, әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың 14 санаты:

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар;

7) Зейнетақы алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;

9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар (1 жыл бойы);

11) “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуды аяқтаған айдан кейінгі күнтізбелік үш айдың ішінде оқуын аяқтаған адамдар.

Сонымен бірге, әскери адамдар, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері, құқыққорғау органдарының қызметкерлері Медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылған, бірақ оларға ведомстволық желідегі мекемелерде медициналық қызмет көрсетіле береді.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмек алады?

* Алғашқы медициналық-санитарлық көмек – амбулаториялық жағдайда және күндізгі стационарда көрсетілетін емханалар қызметі, оның ішіне аурудың алдын алу, диагностикалық зерттеу, емдеу, жүктілік ағымын бақылау, медициналық манипуляция, т.б;

* Арнайы және жоғары технологиялық медициналық көмекке арнайы тәсілдер мен күрделі медициналық технологияларды қажет ететін аурулардың алдын алу, диагностикалық зерттеу, емдеу кіреді;

* Жоспарлы медициналық көмек емделуші сырқаттанған және оның өміріне қауіп төндірмейтін жағдайларда ауруханаларда көрсетіледі;

* Сырқатына қарай бекітілген тізімдемеге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

* Мейіргерлік күтім – ауыр сырқат салдарынан, өзіне-өзі қызмет көрсету мүмкіндігінен айырылған, ұдайы сырттан күтім мен қарауға мұқтаж жандарға көмек көрсету;

* Паллиативтік көмек – емделмейтін, өміріне қауіп төндіретін және ауыр өтетін аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасы мен жалпы жағдайын барынша жайлы етуге арналған медициналық және әлеуметтік көмек

Мемлекет ТЕГІН медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді:

> Жедел жәрдем және санитарлық авиация;

> Әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде (онкологиялық аурулар, туберкулез, қант диабеті, психиатриялық және т.б.) және шұғыл түрде көрсетілетін медициналық көмек;

> Профилактикалық егулер.

Панфилов ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

бас маман Ибраева М.

Пікірлер қалдыруы жабылған.