Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ЕҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел халқына арналған Жолдаулары Қазақстанды дамытуға арналған қадамның қозғаушы күші. Жыл сайын жарияланатын Жолдаулар қашанда елімізді дамытуға бағытталған тың мәселелерді қамтып, алдағы мақсаттарымызды орындауға себепші болып келеді. Елбасымыз мемлекет тізгінін алғаш қолына алғаннан бастап, жас мемлекетті жан-жақты дамыту жұмыстарына бірден кіріскен болатын. Дәл сол кезеңде тұңғыш Президентіміз «Қазақстан әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына енеді және өз жетістіктерімен әлемді таң қалдыратын болады»,-деп мемлекет алдына үлкен мақсат қойды. Ал бүгінде сол мақсаттардың орындалып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсарғандығын және қазақ елі әлемнің көптеген елдеріне танымал болғандығын зор мақтанышпен айта аламыз. Жас мемлекетіміздің мұндай жетістіктері мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында жүзеге асып келеді.

Мәселен, Елбасы биылғы Жолдауында да жаңа тың бағыттарды көтеріп, елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті және мемлекеттік қызметкерлердің статусын көтеру, сонымен қатар, мемлекетіміздің осыған дейінгі бастамаларын әрі қарай жалғастыруын үлкен назарға алды. Сондай-ақ мұғалімдер мен жастар мәселесіне ерекше тоқталып, алдымыздағы жылды «Жастар жылы» деп атауды тапсырды.

Барша қазақстандықтар елбасы Жолдауын шынайы сезіммен қабылдап, бағдарламалық маңызы терең құнды құжаттың нәтижелі жұмыстарға бастайтындығына үлкен сенім білдіріп, қолдау көрсетеді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және елдің әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталып отырған кезекті Жолдау – бұрынғы үлкен стратегиялардың дамуы, солардың әрі қарайғы айшықты жалғасы болатындығына сеніміміз зор.

Ақмарал Хаметжанова,

Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны

Пікірлер қалдыруы жабылған.