Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Елбасы Жолдауы-Жастар идеясын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктері

ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің ең маңызды саяси оқиғаларының бірі. Президенттің барлық жолдаулары әсіресе дер кезінде және өзекті. Мен кезекті Жолдау алдыңғы Жолдаулардың қисынды жалғасы және ел Президенті Н. Назарбаевтың көптеген мақалаларының, монографияларының, үндеулері мен сөйлеген сөздерінің квинтэссенциясы болып табылады деп санаймын.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Президенттің елмен тұрақты қарым – қатынасы-бұл біздің өміріміздің жарқын және әсерлі оқиғасы. Ол өткен жылды қорытындылап, алдағы жылға Қазақстанның дамуының кең көкжиегін ашады. Президенттің әрбір Жолдауында нақты ойластырылған, уақытпен тексерілген, әрбір қазақстандықты ойластыратын ел дамуының нақты қадамдары ұсынылған.

Біз, Панфилов ауданының жастары Президенттің бастамалары нақты уақыт талаптарына сәйкес келеді деп есептейміз. Еліміздің жас ұрпағы үшін білім беру, еңбек нарығы, ақпараттық технологияларды дамыту мәселелері ерекше маңызға ие.

Әрине, Президент Жолдауы біз үшін және жалпы ел үшін жаһандық сын-қатерлерді еңсерудің жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін айқындайды. Біз, Елбасының басшылығымен алдағы жылдарға арналған ел дамуының барлық басым міндеттері табысты іске асырылатынына еш күмәніміз жоқ. Біз өз мемлекетімізге, таңдалған жолға сенеміз, өйткені уақыт біздің елде жүргізіліп жатқан реформалар табысты іске асырылып жатқанын көрсетеді.

Нарынбаев Е.

Панфилов ауданының

«Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған