Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ

Төлеушілер

1. Мыналар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады:

1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген мынадай тұлғалар: дара кәсiпкерлер; мемлекеттiк мекемелердi және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындарын қоспағанда, резидент заңды тұлғалар; Қазақстан Республикасында қызметiн құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер;

2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар.

2.Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою осы Кодекстің 82 және 83-баптарына сәйкес жүргізіледі.

Салық салу объектілері

Мыналар қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады:

1) салық салынатын айналым;

2) салық салынатын импорт.

Салық салынатын айналымды айқындау

1. Мыналар салық салынатын айналым болып табылады:

1) осы Кодекстің 370-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым.

Осы Кодекстің 197-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, бұрын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде босатылған айналым өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап ретроспективті түрде салық салынатын айналым деп танылады;

2) осы Кодекстің 373-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым;

3) тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым. Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде есепке алынған және қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен: қосылған құн салығы бойынша таратудың салықтық есептілігі ұсыныла отырып шығарылған кезде – осындай есептілік ұсынылған күннің алдындағы күнге;

салық органының шешімі бойынша шығарылған кезде – осы Кодекстің 85-бабының 6-тармағында көрсетілген күнге оған меншік құқығымен тиесілі болатын тауарлар тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым деп танылады. Осы тармақшада көзделген айналымға осы Кодекстің 370-бабының 3) тармақшасында көрсетілген салық салынбайтын айналым енгізілмейді. Осы тармақтың ережесі бірігу нәтижесінде жаңадан құрылған барлық заңды тұлғалар немесе өзіне басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қосылған заңды тұлға қайта ұйымдастырудан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады деген шарт орындалған кезде, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде қолданылмайды.

2. Мыналарды:

жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

ұлттық және шетел валютасындағы ақшаны, оның ішінде аванстарды қоспағанда, осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарларға негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар және басқа да мүлік жатады.

Панфилов ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маман Турлыбекова А.

Пікірлер қалдыруы жабылған.