Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) Заңның 2-бабының 1-2-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі

Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам немесе отбасы атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне (бұдан әрі – әкім) жүгінеді.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. Жеке куәлік;
  2. Осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;
  3. Банкттік шоты туралы ақпарат (Қазпошта)
  4. Баланың туу туралы куәлігi;
  5. Неке қию, (бұзу) туралы куәлік;
  6. 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы, атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шот нөмірі туралы мәліметтер;
  7. отбасының әрбір мүшесіне тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);
  8. қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат – қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген немесе бала асырап алған жағдайда;
  9. мүгедектікті белгілеу туралы анықтама – мүгедектік белгіленген жағдайда;
  10. дара кәсіпкер статусын растайтын құжат.
  11. Алименті төлеу таралы анықтама (кесілген жағдайда);

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке қосымша:

  1. 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелуге өтінішті;
  2. Еңбек қызметін растайтын құжатты (бар болса);
  3. Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжатты (бар болса)
  4. Үшінші адамның атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті және қажетті құжаттарды беруі атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенiмхаты бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі- көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

«Жұмыспен қамту орталығы»-ның

жетекші маманы Ж.Турлыбекова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған