Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Ветеринария саласы бойынша мемлекеттік қызметтер.

Ветеринария саласы бойынша мемлекеттік қызметтер Қазақстан РеспубликасыАуыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 тамызда № 11959 болып тіркелді. «Ветеринария саласы бойынша мемлекеттік қызметтерді бекіту туралы» бұйрығы негізінде жүргізіліп, төмендегі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1. “Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру”;

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) жалға алу шартының құқығында үй-жайлардың тиісті бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжат көшірмесі;

4) ветеринариялық-санитариялық қорытынды бланкісінің құнын төлегенін растайтың құжат;

2. «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау»;

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);

3) соңғы үш жылда біліктілігін арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);

4) ғылыми дәрежесі, атағы бары туралы дипломның (бар болса) көшірмесі;

3. “Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру”;

Көрсетілетін қызметті берушіге:

есептік нөмір беру үшін: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) өндіріс объектісі қызметінің түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған ақпарат.

Есептік нөмірді қайта ресімдеу кезінде, есептік нөмірдің атауын және (немесе) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту кезінде, сою алаңына есептік нөмірді растау кезінде: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

Көрсетілетін қызметтерді алу үшін қызмет алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе “электрондық үкіметтің” веб-порталы: www.egov.kz арқылы белгіленген үлгі бойынша өтінішті және бекітілген тізім бойынша қажетті құжаттарды тапсырады.

Барлық мемлекеттік қызметтер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында 9-00 ден 17-30 ға дейін, 13-00 ден 14-30 ға дейін түскі үзіліспен кезек күту тәртібімен, немесе портал арқылы тәулік бойы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және оның лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне шағымдану кезінде шағым мемлекеттік қызметтер көрсетуші мекеме басшысының атына жазбаша нысанда пошта арқылы немесе кеңсе арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріліп, бес жұмыс күн аралығында қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер «Панфилов ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Жаркент қаласы, Иванова көшесі № 94 мекен жайы, телефон: 5-10-30 бойынша көрсетіледі.

Пікірлер қалдыруы жабылған.