Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» Акциясы жалғасуда

Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» Акциясының жалғасып жатқандығын хабарлайды. 2018 жылдың 21 мамырынан бастап 30 қарашаға дейін барлық азаматтардың салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға тағы да қатысуға мүмкіндігі бар, сонымен қатар жүлде ұтып алу мүмкіндігін д ескерген жөн.

Өткізіліп жатқан Акцияның мақсаты:

– азаматтық белсенділікті арттыру және халықтың салықтық сауаттылығын дамыту;

– азаматтардың құқықтық мәдениетін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелері бойынша тәрбиелеу;

– көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту;

– кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру.

Акция көлеңкелі экономикамен күрес бағытында “Wipon” мобильді қосымшасы арқылы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қаржылық қолдауымен, электронды түрде жүзеге асырылады және 2018 жылдың 21 мамырынан бастап 30 қарашасына дейін екі кезеңде өткізілетін жалпы республикалық іс-шара болып табылады.

Бірінші кезең барлық облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтеді.

“Wipon” мобильді қосымшасы таза қазақстандық өнім болып табылады және отандық бағдарламашылармен әзірлеген. Оны смартфондар мен басқа да гаджеттерде тегін көшіріп, пайдалануға болады

Акцияға тауарды, жұмысты немесе қызметті сатып алуды растаған фискалдық чектің суретін Wipon” мобильді қосымшасы арқылы жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Фискалдық чек берілмеген жағдайда азаматтар осы бұзушылықтар бойынша шағымдана алады.

Акция 2018 жылдың 21 мамырынан бастап 30 қараша аралығында өтеді.

Гранд финал ағымдағы жылдың соңында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді, онда бағалы сыйлықтар, соның ішінде бас жүлде-автомобиль ойнатылады.

Ұтыс ойынындағы жеңімпаздар чекті кездейсоқ электрондық таңдау әдісі бойынша анықталады.

Қорытындылай келе, чектер көп жіберілген сайын, қатысушылардың жүлде ұтып алу мүмкіндігі соғұрлым көбейеді және облыс тұрғындарын осы Акцияға белсенді түрде қатысып басты ұтыс өз Автомобильңізді ұтып алу мүмкіншілігін жіберіп алмауыңызды екертеміз!

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Бас маман Мухамеди Е.Б.

Пікірлер қалдыруы жабылған.