Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Шымкетте  «Zhetysu Travel-2018» атты форум өтті

Шымкент қаласында, Алматы облысының туристтік мүмкіндіктері паш етілген «Zhetysu Travel-2018» атты форум өтті.
Қазіргі таңда Алакөл Қазақстандағы ең танымал туристік орындардың бірі болып табылады.  2014 жылы оған 140 мыңға жуық демалушы келсе, осы маусымында бұл көрсеткіштің саны 10 есеге өсіп, 1 миллион 250 мың адамды құрады. Алайда Алматы облысының туризм басқармаса бұл нәтижеге тақталып қалмай, өңірге 1 миллионан да көп туристтерді тарту жолдарын қарастырып жатыр. Осы мақсатта, облыс басшылығы Түркістан облысы және Шымкент қаласында Жетісу табиғатымен киелі нысандарын таныстыратын В2В форматында кездесу ұйымдастырды.
Жиында, бірқатар жергілікті туристік фирмалары мен Жетісу туристтік ұйымдарының өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойып, өңіраралық туризмді дамыту бойынша бірнеше бағдарламалар таныстырылды.
Сонымен қатар, 2019 жылы Шымкенттен Алакөл жағалауына дейін теміржол қатынасы іске қосылып, екі аймақ арасынан туристтер еш кедергісіз қатынай алатын болады. Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті Рысты Қарабаеваның айтуынша, Алматы облысы- туристердің басым көпшілігін өзіне баурап алатын өңірлердің бірі болып табылады.
«Алматы облысын туристтік аймақ десек артық айтқанымыз емес. Себебі облысытың Ішкі және сыртқы туризм өте белсенді дамуда. Әрине, бұл облыстың туризм басқармасының жүйелі жұмысының нәтижесі. Жетісу табиғаты өте әсем. Облыс мұны өтежақсы біледі және өз кезегінде экономика игілігіне шебер пайдаға асырады», – деді ол.
  Форум барысында Жетісу өлкесі мен Шымкент өңірінің туристік саласының өкілдері өзара пікір алмасып, демалыс орындарының мүмкіндіктерін баяндады. Болашақта осындай жобаларды бірлесіп дамыту мәселелері кеңінен толқаланған іс-шарда, Шымкенттік тур-операторларды Алакөл Ресорт, Гранд Вилла және Аквамарин Ресорт сынды демалыс орындары қызықтырған.
«Мұндай шаралар тур-операторлардың жұмысын жандандыруға ықпал етеді. Бүгінгі жиналған тәжірибе арқасында біз жаңаша даму жоспарын құрамыз деп ойлаймын. Алакөлге келуші туристтерге “Grand Ville Resort” қонақ үйінің өкілі ретінде айтарым, біз сіздің жазғы демалысыңызды ұмытылмастай етеміз дегім келеді», – дейді қонақ үй басшысы София Федькина.
Айта кету керек, «Zhetysu Travel-2018» ұйымдастырушылары мұндай кездесу екі тарапқа да жақсы нәтижелер беретініне сенімді. Өйткені, дәл осындай форум, Ресей мен Аспан асты елдерінде де өткізіліп, кейін шетел туристерінің саны үш есеге дейін артқан. 2019 жылы да жер жәннатты – Жетісуға келер  қонақ саны айтарлықтай артады деп жоспарлануда.

Пікірлер қалдыруы жабылған.