Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбына мақала

Біздің мемлекетіміз басқа да елдер секілді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізеді. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттері бойынша заңнаманы қабылдаған және осы мәселелер бойынша халықаралық конвенцияларға қосылған, ТМО мемлекеттері ішіндегі алғашқылардың бірі болды. Қазіргі таңда Заң азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға, сыбайлас жемқорлық

көріністерінен шығатын қатерлерден мемлекеттік функцияларды орындайтын лауазымды және басқа да, сонымен қатар оларға теңестірілген тұлғалардың, мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуін ескерту, анықтау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықты ашу және болдырмау, олардың салдаларын жою және кінәлілерді жауаптылыққа тарту түрінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін анықтайды, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық түрлерін белгілейді, сонымен қатар жауаптылық жағдайын белгілейді. Өз құзіретінің шегінде ұжымдар мен азаматтардың заңды мүдделерін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың, ұжымдардың, мемлекеттік органдардың жұмыстарында заң режиміне қолдау көрсететін, мемлекет қызметіне құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, атқарушы биліктің огандары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды рөлді орындайды. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік кірістер органдарының өз функцияларын орындау мүмкіндіктерін босаңсытуға және тиімді қызмет жасауын бұзады. Сондықтан, мемлекеттік кірістер органдарындағы қызметтің басымды бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыстарды болдырмау және алдын алу мәселелері болып табылады. Мемлекеттік кірістер органдарында жемқорлық көріністерін шектеуге бағытталған атқарылатын жұмыстардың тиімділігі үшін жыл сайын іс-шаралар жоспары әзірленеді және іске асырылады, сонымен қатар тұрақты негізде сенім телефондары жұмыс істейді. Қарастырылған шараларды іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік органдардың қызметін және қоғамды белсендіреді, қылмыстық қол сұғушылықтан азаматтардың бостандығын және конституциялық құқықтарын қорғау басымдылығын қамтамасыз етеді.

Панфилов ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы Сулейманов С. А.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған