Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Волейболдан «Жетісу кубогы» Халықаралық турнирі өтуде.

Бүгін Талдықорғанда волейболдан ардагерлер арасында «Жетісу кубогы» Халықаралық турнирі басталды. Аталмыш, додаға Қазақстан, Монғолия, Өзбекстан, Қырғыстан, Татарстан, Польша, Ресей және тағы да басқа республикаларының командалары қатысуда – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Турнирдің салтанатты ашылуында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халықаралық турнирге келген қонақтарға өзінің жылы лебізін білдірді.

— Құрметті, турнирге қатысушылар, жер жаннаты атанған Жетісу өлкесіне қош келдіңіздер! Бүгінгі «Жетісу кубогы» турниріне арнайы келген командалардың ішінде атақты ойыншылар – еңбек сіңірген спорт шеберлері, волейбол ойынының өрісін кеңейтуге көп еңбек сіңірген азаматтар бар. Олар-бірнеше буын спортшылар үшін үлгі болған кәсіби мамандар. Сондықтан бұл турнирді өткізу елімізде, соның ішінде облысымызда волейболды дамытуға жасалған жақсы бір қадам деуге болады. Бәріңізге бұл турнирде жақсы ойын, сәттілік пен жеңіс тілеймін! – деді А. Баталов.

Сондай-ақ, облыс әкімі Азия чемпионаты мен ІІІ жазғы Паразия және жасөспірімдердің ІІІ жазғы Олимпиада ойындарында жүлделі орындарға ие болған спортшылармен жаттықтырушыларды құттықтап, ақшалай сертификаттар табыстап, волейболдан ҚР-ның спорт шебері, Европа кубогының иегері, «Жетісу» клубының жаттықтырушысы және волейболдан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері Вячеслав Шапранға «Алматы облысының құрметті азаматы» атағын кеудесіне тақты.

Айта кету керек, турнирге 3 үлкен кубокпен әзірленіп, І- орын 1 млн. теңге, ІІ-орын 700 мың теңге ал, ІІІ-орын 500 мың теңге болмақ.

Пікірлер қалдыруы жабылған.