Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

ЭШФ жазудың міндеттемесі

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 412 бабының 1 тармағына сәйкес, (2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін) 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шот-фактураны электронды түрде жазып беруге міндетті:

1. осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер; 3) осы Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер; 4) осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор; 5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер. Осыған орай жоғарыда көрсетілген барлық салық төлемгерлер электронды шот-фактура ақпараттық жүйесіне «ЭШФАЖ» тіркелу қажет және 2019 жылдың 1 қаңтар айынан бастап электронды шот-фактура аталған ақпараттық жүйесінде жазылу керек екендігін хабарлаймыз.

ЭШФ АЖ арқылы шот-фактура жазылған жағдайда электронды шот-фактура түпнұсқа болып табылады. Бұл ретте, электронды шот-фактураның қағаз тасымалдағышында немесе электронды нысанда көшірмесі болуы мүмкін.

Электронды шот фактураның қағаз тасығыштағы көшірмесі жеткізушінің қолымен және мөрімен куәландырылмайды, себебі шот-фактуралар ЭШФ ақпараттық жүйесінде тіркеліп, электронды қолтаңба арқылы қол қойылады

Сонымен қатар, осы аталған міндеттеме орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 280-1 бабына сәйкес, әкімшілік шара қолданылатыны ескертіледі.

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Жетекші маман И.О.Огузов

Пікірлер қалдыруы жабылған.