Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

2018 жылдың 5-қазанындағы Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тікелей эфирде берілген «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы зейін қоя ыждақаттықпен тыңдап, мемлкеттің өркендеуіне бағытталған бағдарламалардың жүзеге асыруда тек саны ғана емес сапасына талаптың күшейіп отырғанына қолдау білдірді.

Жолдауда Қазақстан халқының тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқарып, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етіліп, онымен тоқтамай, әрі қарай, стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу бағытында атқаратын тапсырмалардымен таныстырды.

Атап айтқанда, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру; бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдап, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзартып, қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беру; бәсекелестікті қорғау функциясын елеулі түрде күшейте отырып, монополияға қарсы ведомствоның жұмысын реформалау қажеттілі атап көрсетілді. Сонымен қатар, бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттырып, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру, экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40 пайызға қысқарту үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Жолдаудың тағы бір маңызды тұсы, бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізу, сонымен қатар, отандық тауарларымызды өңірлік және әлемдік нарықта ілгерілететін белсенді сипат дарыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру және инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлу, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ауқымды жұмыстар жүргізу тапсырылды.

Сонымен қатар, Елбасымен, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат құру, тиімді сыртқы саясат және әрбір қазақстандық еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалуысы бағытында атқаратын қызметтер мен міндеттер қойылды.

Мемлекеттік кірістер органдарының күнделікті жұмыс қарқыны мен әдісі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Негізгі басымдық – мемлекеттік қызметтерді көрсетуді электронды форматқа көшіру, олардың сапасын көтеру, сол арқылы – бизнеске қолайлы жағдай жасау. Жыл сайын салықтық және кедендік әкімшілендіру жетілдіріліп келеді, жаңа заң талаптарын түсіндіру тұрақты сипатқа ие. Мұның барлығы – халықтың құқықтық сауаттылығы мен салықтық мәдениетін көтеруді көздейді.

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Жетекші маман И.О.Огузов

Пікірлер қалдыруы жабылған.