Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексінің талаптарын сақтау үшін, мемлекеттік қызметкерлерді тәрбиелеу мақсатында Салық органдарында үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін бағытталған жұмыстар атқарылып отырады.

Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек» деген болатын. Сонымен қатар «Біз құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыруға тиіспіз. Онсыз біз тәртіпсіздікке мүлдем төзбеуді қалыптастыру және жемқорлықты түбірімен жою жөніндегі міндеттерді шеше алмаймыз» деді.

Шынында да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес батыл шаралар қабылдауды қажет етеді. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарқынды күресті мемлекеттік органдар да өз беттерінше жүргізуде. Енді тек жұмыла күресу керек. Әйтпесе сыбайластыққа көз жұмып, жемқорлыққа жол берген қоғамда эко-номика мәселесінің шешілуі қол жетпейтін арман болып қана қала бермек. Коррупция мемлекеттің экономикалық дамуына, әр азаматтың заңға деген сеніміне кері әсерін тигізеді. Бұл қазіргі қоғам проблемасы болып табылады.

Сол себепті мемлекеттік кірістер басқармасында да жемқорлықтың жолын бөгеуге бағытталған бағдарламалар жасалып, жүзеге асырылуда.

Оған дәлел ретінде азаматтардың заңды құқықтары қорғану, қоғамның сенімін арттыру және де басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты болдырмау, алдын алу мақсатында, «Сенім телефоны», сондай-ақ ҚР ҚМ МКК сайтында «Электронды шағым кітабы» жұмыс жасайды және Мемлекеттік кірістер басқармасының 1 қабатында салық төлеушілердің ұсыныстары мен шағымдарына арналған арнайы жәшік орнатылған. Сенім телефонына, салық төлеушілердің ұсыныстары мен шағымдарына арналған жәшікке және ҚР ҚМ МКК сайтындағы электронды шағым кітабына түскен барлық хабарламалар арнайы журналға тіркеліп, бақылауға алынып, ҚР заңында көрсетілген талаптарға сәйкес қаралады.

ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 13б.2т. және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 9б.1,4т. сәйкес мемлекеттік қызметке үміткерлер әкімшілік мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін жеке табысы және мүлкі туралы декларация тапсыруы тиіс.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері мен олардың жұбайлары

меншіктеріндегі жеке табысы және мүлкі туралы жыл сайын мерзімінде декларация тапсыруы қатаң бақыланады.

Бір сөзбен айтатын болсақ, аталған заңнамалармен мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер қойылғандығын ұмытпауымыз керек және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға, оның алдын алуға барлығымыз жеке жауапты екенімізді түсінуіміз қажет. Осы жағдайда ғана жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алуға бағытталған шаралар өз нәтижесін береді.

А. Қасымханова

Панфилов ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер

басқармасының бас маманы

Пікірлер қалдыруы жабылған.