Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІ МЕН МҮЛКІН ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын жылдың 1 қаңтарында мынадай:

Салық Кодексінің ережелеріне сәйкес мынадай адамдардың бірі:

Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;

оралман;

тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті;

шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

кәмелетке толмаған адам болып табылатын жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.

Жалпыға бірдей активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімдері:

1) қағаз жеткізгіште тапсырылған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;

2) электрондық түрде тапсырылған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырылады.

Жеке тұлға есепті салықтық кезең ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде оңайлатылған нысан бойынша қосымшаларсыз кірістер мен мүлік туралы декларацияны (бұдан әрі – кірістер мен мүлік туралы қысқаша декларация) тапсыруға міндетті:

Жеке тұлға:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген тұлға.

Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация (бұдан әрі – кірістер мен мүлік туралы декларация) мынадай нысандардың біреуі бойынша жыл сайын тапсырылады:

1) қосымшаларымен – кірістер мен мүлік туралы толық декларация;

2) қосымшаларсыз – кірістер мен мүліктер туралы қысқаша декларация.

Панфилов ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы А. Қасымханова

Пікірлер қалдыруы жабылған.