Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданы балабақшамен 99,5 пайызға қамтылды

Тұңғыш Президент күніне орай, Алматы облысы, Панфилов ауданының Шолақай ауылдық округінде жаңадан 150 орынды «Айналайын-Ай» балабақшасы ашылды.
Білім ордасының лентасын қиған аудан әкімі Темірлан Бектасов, халқымыз ежелден бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгендігін, бүгінгі бүлдіршін – еліміздің ертеңгі тірегі, бақытты болашағымыздың кепілі екенін жеткізіп, ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.
«Айналайын-Ай» балабақшасында 6 ойын бөлмесі, 6 жатын орны, сондай-ақ, асхана, мейірбике, психолог, денешынықтыру және музыка кабинеттері жұмыс істейді. Оқу-тәрбие жұмыстарымен қатар, «Қуыршақ театры», қолөнер үйірмелерін жүргізуге арнайы мамандар тартылған.
Аталмыш балабақша Тұрсын Кончибаеваның “Балапан” бағдарламасы аясында ашып отырған үшінші балабақшасы .
«Қазіргі уақытта ауданның 350 баласын балабақшамен қамтып, 120 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырмын. Елбасымыздың халқымызға жасаған ерен еңбегінің арқасының құрметіне Тұңғыш Президент күні қарсаңында осы мектепке дейінгі білім мекемесін ашуды әдейі жоспарладық» – дейді ол.

Айта кету керек, бұл Панфилов ауданы бойынша ашылған 38-ші балабақша.
Аудандық білім бөлімінің бас маманы Райкүл Қарабалаеваның айтуынша, бүгінгі таңда аудан балабақшамен толықтай дерлік қамтылды. 
«Панфилов ауданында 10 мемлекеттік, 28 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер жұмыс жасайды. 2018 жылы 8 балабақша ашу жоспарланған. Жоспар толық орындалып, балабақшамен қамту 99,5 пайызды құрап, 5413 бүлдіршін тәрбиеленуде» – деп қорытындылады ол. 

Панфилов ауданы әкімінің

баспасөз хатшысы  Нұрбол Ханағат

Пікірлер қалдыруы жабылған.