Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 490
  • Week Visit: 9  074
  • Month Visit: 47  072
  • Years Visit: 539  574
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62
 Балаларды қорғаудың халықаралық күні – балаларға арналған

ең тамаша мерекелердің бірі болып қала бермек

     IMG-20150603-WA0011Бала мінезі іспеттес жадыраған жаз айының бірінші күніне тура келетін балаларды қорғаудың халықаралық күні – періштедей пәк балаларға арналған ең тамаша мерекелердің бірі болып саналады. Бұл күні барлық саябақтар патша көңіл сәбилердің сыңғырлаған күлкісіне толып, айналасын нұрландыра түсетіні сөзсіз.

    

Мереке жаркент өңірінде де елеусіз қалған жоқ. Бұл күні ауданның барлық елді мекендерінде әртүрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Жаркент қаласында бүлдіршіндер мерекесі Бөлек батыр атындағы саябақта өтті. Жаркент қаласы әкімі аппараты мен саябақ қызметкерлері балаларға арнайы бағдарлама әзірлеп, мерекені мүмкіндігінше есте қаларлықтай ұйымдастырды. Саябақта бауыр еті балаларын мерекелік іс-шараларға апарып, қыдыртып, мерекелік көңіл-күй сыйлаған ата-аналар, немересін жетектеген ата-әжелерді көптеп кездесіруге болады.

   IMG-20150603-WA0013Мереке қарсаңында аудандық мәдениет үйі ғимаратының алдында «Достық керуені» атты ұлттық билер байқауы ұйымдастырылды. Сондай-ақ аудан балалабақшаларынде да балалар мерекесі өз деңгейінде атап өтілді.
     Естеріңізге сала кетсек балаларды қорғаудың халықаралық күні 1949 жылы қарашада Әйелдердің халықаралық демократия федерациясы кеңесінің сессиясында қабылданған. 1950 жылдан бастап маусымның 1-і Дүниежүзілік балаларды қорғау күні болып атап өтіледі. Балаларды қорғаудың халықаралық күні – бұл балалардың көңіл-күйін көтеруге арналған әртүрлі шаралар өткізетін күн ғана емес, ересектерге ең алдымен балалардың құқықтарын, лайықты жан-жақты білім мен тәрбие алуын қамтамасыз ету, әртүрлі психологиялық жәбірлеуден қорғау қажет екендігін еске салатын күн болып табылады.

IMG-20150603-WA0018IMG-20150603-WA0017IMG-20150603-WA0016

Пікірлер қалдыруы жабылған.