Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2019 жылғы 15 қаңтар                                                                                                                                                                              Астана қ.

Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының 46% трансформацияланады

      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2019 жылы еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсетіп жатқан 152 фронт-офис қызметін трансформацияламақ.

       Бүгінде республика бойынша халыққа қызмет көрсетуші 326 фронт-офис бар.  Азаматтардың электрондық қызметтерді пайдалану деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация 60/40 жаңа қағидатына сәйкес, фронт-офистерде кеңауқымды трансформациялауды бастады.     

       «60/40 қағидаты фронт-офистегі жұмыс аймағының 40% қызмет көрсететін операторларға тиесілі екенін, ал азаматтардың қызметтерді өз бетінше алу аймағы – Connection point пен қоғамдық қолжетімді пункттердің үлесі 60 % жететінін меңзейді. Осылайша, біз болашақта қызмет алушылардың осы принцип бойынша анықтамалар мен басқа да керекті құжаттарды өздігінен алуын қамтамасыз етпекпіз», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов. 

       Аталған қағидат бойынша елімізде бүгінде 174 фронт-офис қызмет етеді. Нәтижесінде азаматтардың 2018 жылы өз бетінше алған қызметтерінің саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 млн артып, 12 млн құрады. Бұл көрсеткіштің өсуіне электрондық үкімет порталында жұмыс істеу және электрондық қызметтерді пайдалану дағдыларына 8 млн астам азаматтың үйретілуі де әсер еткен.

       Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 2018 жылы 31,9 млн қызмет көрсетілді, оның 16 млн электрондық форматта.      

 Анықтама: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер реестрінде қамтылған 741 қызметтің 598-і қолжетімді. Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін 326 фронт-офис, 6 секторы бар 16 мамандандырылған ХҚО (оның ішінде 4 сектор Алматыда және 2 сектор Түркістан облысында), 70 мобильдік ХҚО және Қазпоштаның 1656 бөлімшесі қамтамасыз етеді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

баспасөз қызметі
8-7172-95-51-54 (ішкі 109 )

pressa_nao@goscorp.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған