Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Бейбіт мемлекетте жаңа істердің бәрі жастардың қолында

2019-жылы 23-қаңтарда ЭКСПО-2017 көрмесінің «Нұр Әлем» павильонында «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» жастар жылының ашылу салтанаты басталып, әр саланың көшбасшы жастары Мемлекет басшысымен тікелей кездесті.

Қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп, жемісті білім алып жүрген «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» Елбасы мен ел алдында өз жетістіктерімен бөлісіп, ұсыныс тілектерін білдірді, осы жыл «Жастар жылы» болып жарияланғанына біз қуандық. Мәселен, Панфилов ауданында біраз жастар

әр түрлі сала бойынша жобаларға қатысып, жақсы идеаларымен, бүгінгі күні жұмыстарын жүргізуде. Жастар ресурстық орталығында маман болып істейтін Алмаз Батырханның жобасы, ешкінің емдік сүтімен ауыруларды емдеп, елдің денсаулығын едәуір жақсартып келеді.

Біз өзімізді Елбасының көрсеткен нақты жолымен білімімізді жетілдіріп, елдің болашағы үшін өз келешегіміз үшін еңбек етуде, нық сеніммен қарауды үйрендік.

Мен айтар едім, егер шынайы сенім болса ісің алға басады деп. Мен Отанымның патриотымын, мен болашақ жолындағы бақытты жастардың бірімін. Құрбыларымды тек алға, алға деп шақырамын. Бейбіт мемлекетте жасалатын істердің бәрі біздің, яғни жастардың қолында.

Калибеков Аслан Маратұлы

Аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы

Жаркент қаласы

Пікірлер қалдыруы жабылған.