Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Панфилов ауданына жасаған іс-сапар барысы.

С. Мыңбаев облыс әкімі А. Баталовпен бірге өңірдің бірқатар маңызды нысандары “Алтынкөл” станциясы, «Қорғас» ШЫХО, және «KTZE – Khorgos Gateway» Құрғақ порты айлағының жұмыстарымен танысты.

Станциясы басшысы Жандос Унтакбаевтың айтуынша 2018 жылы Алтынкөл-Қорғас шекаралық өтпесі арқылы жүк тасымалының көлемі 2709 мың тоннаны құраған. Бұл 2017 жылғыдан 66% артық. Ал, өткен жылы 916 контейнерлік пойыз жөнелтіліп, 2017 жылдан екі есеге артқан.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА әкімшіліктік ғимараты мен Құрғақ порт нысандарын аралаған басқарма басшысына орталықтың мониторингілік жұмысы және Verno, «Феникс Фид Миллс» ЖШС, East Gate Partners, Hubei Kelison сынды компаниялардың инвестициялық жобалары таныстырылды.

2018 жылы “Қорғас” ШЫХО аумағында 32,7 гектарлық құрылыс алаңдары бар 12 инвестициялық компания тартылған.
Бұл туралы “Қорғас” ШЫХО президенті Қаhарман Жазин осы аумақтағы қазіргі кездегі жүзеге асырылып жатқан жобаларды таныстыру барысында мәлімдеді.

«Қорғас» ШЫХО-ының аумағы бүгінде 113,5 гектар жер учаскесіне, ал ғимарат алаңдары 805,4 мың шаршы метрді құраған.

Сонымен қатар, Сауат Мыңбаев Нұркент қалашығының тыныс тіршілігін көріп, қаланың болашақ жоспарымен танысты.

Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікірлер қалдыруы жабылған.