Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Электронды еңбек биржасы

Электронды еңбек биржасы (әрі қарай- Е-Биржа) жұмысқа орналастыру мүмкіндіктер және қызметшілер құрамын іріктеуді қамтамасыз етуге арналған бірыңғай сандық алаңы. Бүкіл Республика бойынша бос жұмыс орындар және ізденушілер туралы ақпарат күн сайын әр түрлі деректерден жаңартылады:

– өздігінен жұмыс берушілерге және ізденушілерге;

– мемлекеттік еңбек дерек қорынан бос жұмыс орындарды және іздеушілерді (халықты жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен Мемлекеттік деректер ықпалданған).

– жұмыспен қамту жеке агенттіктермен;

–  бұқаралық ақпарат құралдарымен;

– жұмысқа орналастыру онлайн-алаңдармен;

Портал Е-Биржа мүмкіндік береді:

– бос орындар және түйіндемелердің деректерін онлайн арқылы алуға;

– Жеке кабинетті тіркеу және бос орынды немесе түйіндемені орналастыру;

– порталда талап ететін критериялармен (қызмет саласы, кәсібі, аймағы) жаңадан жарияланған бос жұмыс орын және түйіндемелер туралы ақпаратты өзінңіздің электрондық адрісіңізге немесе  мессенджіріңізге тарату алып тұруға жазылуға болады.

– пікірлердің тәртіптерін және сұбхатасуға шақыруларды пайдалана отырып, жұмысқа алуға немесе жұмысқа қабылданған болу;

– жұмыс берушінің Жеке кабинетінде арнайы жұмыс орынға қаржыландыруға өтінім жайғастыруға;

– халықты жұмыспен қамту орталықтарына ағымды бос орындар туралы ақпараттарды онлайн режимде жіберуге;

– кәсіптік бағдарлау тест өту және тестің тиісті нәтижелеріне сәйкес порталда бос жұмыс орынды табу;

Е-Биржада тіркеу, бос орындар және түйіндемелердің деректерін, бос орындарды жариялау, түйіндемелерді және басқадай ақпараттарды тегін және тәулік бойы көруге мүмкіндік бар.

Е- Биржамен жұмыс және қызметшілерді іздестіру – ол дереу, жәйлі және жайша!

жұмыс берушілеріне www.enbek.kz Электрондық еңбек биржасы және оның мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді.

Жұмыс берушілер Электрондық еңбек биржасында жеке кабинет ашу арқылы қашықтықта Халықты жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындар туралы ақпарат бере алады, сонымен қатар порталда көрсеткен бос жұмыс орындарына үміткер болған болашақ қызметкерлерін таңдай алады, ал жұмыс іздеушілер осы бос жұмыс орындарына өздерінің үміткерліктерін қалдыра алады.


Бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу ерекшелігі

 Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға салық төлеуші ретінде тіркелу үшін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты мекеме орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:

1) құрылтай;

2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезидентті инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын;

3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.

 Қазақстан Республикасындағы көздерден, төлем көзінен салық салуға жатпайтын табыс алатын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар қызметін жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде келген (тұратын) жері бойынша салық органына мынадай:

1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;

2) осындай құжат болған кезде, салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын;

3) ондай құжат бар болған жағдайда Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстың сомасын растайтын құжатттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.

                                                                                Бас маман А. Қасымханова

Панфилов ауданы бойынша МКБ

БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ

         Формальды емес жұмыспен қамтылғандардың қызметін заңдастыру үшін салық органдарында жеңілдікпен тіркеуді көздейтін Бірыңғай жиынтық төлем енгізу жоспарланып отыр. Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер үшін жалпы режимге қарағанда салық және әлеуметтік төлемдер бойынша ең төмен мөлшерлемелер айқындалады. Бірыңғай жиынтық төлем төлеу формальды емес жұмыспен қамтылғандардың қызметін тіркеуге ғана емес, сонымен қатар міндетті медициналық және әлеуметтік сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне қатысуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері сараланған, яғни әр түрлі сақтандыру қорларына жарналар сомасын өз бетінше төлеу қажеттілігі жоқ.

         Бірыңғай жиынтық төлем табыс алу мақсатында қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қолданылады, алайда олар:

  • Жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбау;
  • Жеке тұлғалар үшін жұмыс істеу, қызмет көрсету;
  • Жеке тұлғалардың тұтынуы үшін жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру талаптарын сақтауға тиіс.

Бұл ретте, күнтүзбелік жыл ішіндегі шекті табыс 100 еселенген ең аз жалақыдан аспауға тиіс.

Бірыңғай жиынтық төлем:

  • Сауда объектілерін қоса алғанда, мүліктің сауда объектілерінің аумағында қызмет көрсететін жеке тұлғаларға;
  • Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын мүлікті жалға беретін жеке тұлғаларға;
  • Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға;
  • Оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар;
  • Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдарға қолданылмайды.

Осылайша, Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу формальды емес жұмыспен қамтылғандар үшін:

  • Медициналық мекемелерді таңдау құқығымен сомасы және түрлері шектелмеген Медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
  • Жүйеге қатысу өтіліне қарай жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және базалық зейнетақы төлемдерін алуға;
  • Еңбек ету қабілетін, асыраушысынан айрылу, жүктілік және туу, бала асырап алу, 1 жылға дейін баланы күтіп бағу Жағдайларында әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді.

Мыналар айқындалды:

  • Бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшерлері қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш, ауылдарда 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
  • Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу мерзімі 5 жыл;
  • Бірыңғай жиынтық төлемнің үлесі:

Жеке табыс салығы 10 %;

  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар 20 %;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 30 %;
  • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 40 %;

                                                                                                                         А. Қасымханова

Панфилов ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұру  тәртібіне енгізілген өзгерістер

        Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлт жоспары – 100 нақты қадам институционалдық 5 реформаны жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 1 мамырынан бастап қосылған құн салығы (бұдан әрі-ҚҚС) тіркеу есебіне тұру тәртібі оңайлатылған.

        2017 жылдың 1 мамырынан бастап қосылған құн салығы (бұдан әрі-ҚҚС) тіркеу есебіне тұруға мынадай тәсілдердің бірімен:

1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда беру арқылы;

2) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде резидент заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұруға құқылы.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беру кезінде салық органы Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасының бірінші басшысын, дара кәсіпкерді суретке түсіру тәртібі таратылды. Алайда, өзгерістерді енгізгенге дейін, енгізгеннен кейін өзге де жағдайларға қарамастан, салықтық өтінішті Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы қызмет атқарып жатқан бейрезиденттің бірінші басшысымен, дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша беріледі және жоғарыда айтылған салықтық өтінішті салық төлеушінің өкілетті тұлғаның сенімхатпен ұсынуы көзделмеген.

        Бұдан әрі, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 568 бабының 6 тармағына сәйкес, келесі басылымда көрсетілгендей: Салық кодексінің 568 бабының 1 тармағында көрсетілген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті берген күннен бастап қосылған құн салығын (бұдан әрі-ҚҚС) төлеуші болып табылады. Салық органы салықтық өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

         2017 жылдың 1 мамырынан бастап Салық кодексінің 569 бабына енгізілген өзгерістерге байланысты, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою –  Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 568 бабының 7 тармағы, яғни салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын нотариат күәландырған құжат көшірмесін беру тәртібі таратылды.
         Сондай-ақ, 2017 жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 569 бабының 3 және 4 тармақтары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тарту туралы шешімі таратылған.

          Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 571 бабының 4 тармағының 7 тармақшасына сәйкес, тіркеу есебіне қою уақытында жүргізілген күнтізбелік жылда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрған тұлғада айналым мөлшерінің ең төмен айналымнан асып кетуі жағдайда, осы баптың 4 тармағы 7 тармақшасы таратылды.

                                                                                                   А. Қасымханова

Панфилов ауданы бойынша

 мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы

Жаңа босанған 63 мың ана сәбилерінің алғашқы құжатын проактив әдісімен алды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2017 жылдың желтоқсанында үш мемлекеттік қызметті бір ғана смс хабарламаның көмегімен алуға болатын проактив қағидасын енгізген болатын.
​Пилоттық жоба іске қосылғалы бері жаңа босанған жүз мыңнан астам анаға смс құттықтау жолданып, проактив тәсілімен баланың туу туралы куәлігін алу ұсынылды. Олардың 63 330 бір мемлекеттік қызметке тапсырыс беріп, сәбилерінің алғашқы құжатын онлайн өтініш беріп алды.
​Айта кетейік, пилоттық жоба шеңберінде нәрестелі болған әйелдер смс хабарламаға жауап беру арқылы баланың туу туралы куәлігін рәсімдеп, жәрдемақы алуға өтініш жолдап, баланы балабақша кезегіне қоя алады.
«Енді ғана босанған әйелдерге халыққа қызмет көрсету орталығына бірнеше рет барудың қажеті жоқ. Бұрын аналар бесігіндегі баласын қалдырып, не оларды құндақтап ХҚО-ға келіп жүретін. Цифрландыру заманында проактив әдісі арқылы барлығын онлайн жүйелер арқылы жүзеге асыруға болады. Оны пайдалану үшін аналар босанбас бұрын мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс», – дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.
Бүгінде проактив әдісі телеграм қосымшасындағы арнайы бот арқылы да қолжетімді. Мобильді базаға тіркелген азаматшалар ұялы телефонының көмегімен өздері де жоғарыда аталған үш қызметке тапсырыс бере алады. 2018 жылдың қыркүйегінде іске қосылған бот қызметіне 5,5 мыңға жуық әйел жүгінген, олардың 4 842 балаларының туу куәлігін рәсімдеген.

Пікірлер қалдыруы жабылған.