Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Сыбайлас жемқорлық қоғамының дерті

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне,

заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында: «Аса маңызды міндет– сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыпта- стыру және іске асыруды жалғастыру» делінген. Демократиялық иниституттар мен құн- дылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін түйткілді мәселелермен сыйыспайтыны анық. Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып оты- рғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің көтеріліп жүруі үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл – індет адамзат баласына жат қасиет. Кеңестік дәуірден бастау алған , жең ұшынан жалғасын табатын, көз қы- сты, бармақ басты әдеті әлі де болса қылаң беріп келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Мемлекеттік сатып алу, мемлекеттің қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер телімін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де баршылық.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүр- гізілуде. Мемлекетіміз ТМД кеңістігінде алғаш рет «Жемқорлыққа қарсы күрес» Заңын қабылда- ды. Бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері анықталып, жемқор- лыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды.Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында азаматтардың құқықтары мен бостан- дықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріні- стерінен туындайтын қауіп-қатерден республика- мыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамассыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болатындығы көрсетілген. Бүгінгі таңға сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Респу- бликасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамассыз етуге бағытталған. Қорыта айтқанда, мемлекет- тік қызметкердің атына кір келтіретін әрекет- терден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға да тартылады. Оларға біздің қоғамда да, арамызда да орын жоқ екенін түсінгені абзал.

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Бас маманы

Г.Ниязахунова

Пікірлер қалдыруы жабылған.