Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарға көшу

Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылдың ішінде тоқсан сайын, қызмет түрлерін кеңейтуді көздейтін  Бұйрығы күшіне енгенін хабарлайды, оны жүзеге асыру кезінде салық төлеушілер деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолданады.

2019 жыл ішінде тоқсан сайынғы негізде онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі ауыстырылады:

2019 жылғы 1 сәуірден бастап 323 қызмет түрі;

2019 жылғы 1 шілдеден бастап 86 түр;

2019 жылғы 1 қазаннан бастап 224 түр.

         Бұдан басқа, 1.01.2019 жылдан бастап онлайн-БКМ қолдануға міндетті салық төлеушілер санатына ашық сауда базарларының аумағында стационарлық емес сауда объектілері арқылы қызметті жүзеге асыратын арнайы салық режимінде шағын бизнес субъектілері жатады.

            Салық кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарды қолдану.

            Онлайн-БКМ қолдану бойынша ережелерi қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерге қолданылмайды.

            “Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің” нормаларына сәйкес бақылау-кассалық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанына назар аударамыз.

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Бас маман Мухамеди Е.Б.

Пікірлер қалдыруы жабылған.