Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Бақылау-касса машинасын кім және қашан қолданады

        Бақылау-касса машинасы дегеніміз – тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететiн, деректерді беру функциясы жоқ фискалдық жады блогы бар электрондық құрылғы, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар (жоқ) аппараттық-бағдарламалық кешен, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар

         Салық төлеушілер қолданатын бақылау-касса машиналарын салық органдарында есепке алу үшін:

  • бақылау-касса машинасын есепке қоюды;
  • тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;
  • бақылау-касса машинасын есептен шығаруды қамтиды.

Модельдерi мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар, техникалық ақауы жоқ бақылау-касса машиналары пайдаланатын жері бойынша салық органдарында есепке қоюға жатады.

      Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары салық органдарында есепке қоюға жатады.

         Аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою үшін салық төлеуші салық органына:

  • бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтінішті;
  • салық төлеуші туралы мәліметтері бар бақылау-касса машинасын;
  • нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен (болған кезде) куәландырылған тауар чектерінің кітабын ұсынады.

Е.Мухамеди

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Бас маманы

Пікірлер қалдыруы жабылған.