Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

ЕАЭО елдеріне шығаратын тауарларды экспорттық бақылау

Қазақстан Республикасының экспортерларын қолдау мақсатында, ЕАЭО елдеріне шығаратын тауарларды, сонымен қатар бюрократтық шығындарды төмендету үшін ЕАЭО-қа мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекараны (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) кесіп өту кезінде, ЕАЭО шеңберінде еркін орын ауыстыру принципін бұзатын Мемлекеттік шекарада рұқсаттама бекетінде бақылауды жүргізген кезде ҚР экспортерларынан артық құжаттарды сұрауды алып тастау қажет.

Бұл ретте, «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң халықаралық автокөлік жүк тасымалдары саласындағы өзара iс-қимылы туралы келiсiмдi бекiту туралы» ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 833 қаулысының 7-бабының 4-тармағына және 8-бабына сәйкес Келiсiмде көзделген жүктердiң тасымалдары тауар-көлiк жүк құжаты (CMR) бойынша жүзеге асырылады.

2016 жылғы 12 тамыздағы «ҚР ДСҰ қосылуына байланысты ЕАЭО кедендік аумағына тауарлар жүгінуін жене әкелуі мәселелері туралы» Еуразиялық Үкімет аралық Кеңес Шешімімен тауарға ілеспе құжаттардың орнына қағаздағы электронды шот-фактура көшірмесі тауардың пайда болуы туралы куәліктің СТ-1 нысана түпнұсқасы немесе СТ-KZ тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінінштің көшірмесі болып танылады.

«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасыны Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 2-тармағымен регламенттелген импортқа және экспортқа экспорттық бақылау облысында уәкілетті орган беретін, экспорттық бақылауға жататын өнімдерді әкелу және әкету лицензиялар негізінде жүзеге асырылады. Экспорттық бақылау облысында уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып табылады.

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Жетекші маман И.О.Огузов

Пікірлер қалдыруы жабылған.