Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

                          Аудан тұрғындарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы

                              түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда Қазақстан сыбайлас жемқорлықтан ада заманауи және құқықтық мемлекеттің өзіндік моделін құруда. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғарылауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер беру сапасының жақсаруы, қолайлы инвестициялық ахуал – мұның бәрінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясаттың жүйелі және рет-ретімен жүзеге асырылуы маңызды рөл атқарды. Мұндағы тиімді механизмдер төмендегі бағдарлар болды: ашық және есептілікті мемлекет, заң үстемдігін, клиентке бағыттылықты және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды қаматамасыз ететін кәсіпқой мемлекеттік аппарат.
Қазіргі уақытта мемлекеттік аппараттың азаматтармен өзара қарым-қатынасы «тұтынушыға бағытталу», қызмет алудың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаттарында құрылуда. 2018 жылы мемлекеттік органдармен 147,3 млн. қызмет көрсетілген. Электронды қызметтерді алу үшін жергілікті атқарушы органдардың барлық деңгейлерінде, аумақтық бөлімшелерде, жоғарғы оқу орындарында, колледждер мен мектептерде, емханаларда 8249 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Нәтижесінде, азаматтар электрондық қызметтерді көбірек ала бастады. Егер, 2017 жылдың алынған қызметтердің үлесі 50% құраса, 2018 жылы – 69% құрады.
Азаматтарға көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау үдерісіне тарту үшін тестілік режимде «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Оның көмегімен азаматтар нақты уақыт режимінде Агенттікке қызмет алу кезіндегі туындаған кедергілер туралы хабарлай алады. Бастапқы кезеңде ХҚО, салық органдары, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық бөлімшелері көрсететін қызметтерді бағалау енгізілді. Кейіннен бұл барлық қызмет көрсетушілерге таратылатын болады. 2018 жылы Агенттікке мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша 1446 шағымдар келіп түскен. Агенттік және оның аумақтық департаменттері бақылау іс – шаралары шеңберінде қызмет көрсетуден 267 негізсіз бас тарту фактісін анықтады. Мемлекеттік органдармен жасалған бұзушылықтар саны соңғы екі жылда 8 есеге яғни 2016 жылы 800 мыңнан, 2017 жылы 370 мыңнан, 2018 жылы 103,5 мыңға дейін кеміді.
Жоғарыдағы айтылған барлық шаралар азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылының ашықтығы мен қолайлылығына ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және мемлекеттік органдарға деген сенімді арттырудың қуатты құралы болып табылатындығы айтылды. Аталған шараға 115 адам қатысты.

Мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар бөлімшесі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған