Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

+ 100% -

Сауалнамалар/Опросы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз

Ақпарат

Информация

Банерлер

Активность на сайте

  • Today Visit: 892
  • Week Visit: 10  683
  • Month Visit: 48  566
  • Years Visit: 538  097
  • Total Page Views: 0

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62
 Қазақстан Республикасы рәміздері күні мерекесі – тәуелсіз мемлекетіміздің тарихында

алар орны ерекше мерекелердің бірі


20150604_101901     Қазақстан Республикасы рәміздері күні мерекесі – тәуелсіз мемлекетіміздің тарихында алар орны ерекше мерекелердің бірі болып саналады. Тарихқа көз жүгіртсек, 1992 жылдың 4 маусымында алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітліген болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы № 337 Жарлығымен 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына 4 маусымды Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өту туралы толықтырулар енгізілген.

      Бүгін Қазақстан Республикасының рәміздері күні мерекесі қалыптасқан дәстүр бойынша ауданның барлық елді мекендерінде атап өтілді. Жаркент қаласындағы аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдында мерекеге арналған салтанатты митинг өтті. Аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев құттықтау сөз сөйлеп, өз сөзінде Отанға деген сүйіспеншілік, өз еліне деген мақтаныш, өзіне және ел тарихына  құрмет мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен бастау алатындығын, рәміздерге деген патриоттық тәрбиені әсіресе жастар арасында кеңінен насихаттау қажет екендігін ерекше атап өтті. 

        20150604_111753Сондай-ақ еңбек ардагері Сания Зульярова, Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі Бибігүл Байғонысова, «Диана» медицина колледжінің студенті Олжас Әлімжанов аудан халқын айтулы мерекемен құттықтап, бүгінгі күн елдің елдігін танытатын асқақ айбынды да, құрметті күн екендігін зор мақтанышпен атап өтті.

     Мерекелік шара жас ұландардың жалынды сәлеміне, талантты жастардың, аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің  ән шашулары мен мың бұралған билеріне ұласты.

Пікірлер қалдыруы жабылған.