Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

230.00 нысаны бойынша «Жеке табысы және мүлкі туралы декларациясын» тапсыру тәртібі

   Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 363 бабының 2 тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары       мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары, лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары,мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары мен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан және салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы декларацияны табыс етеді. Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 364 бабына сәйкес, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

          Жеке табысы және мүлкі туралы декларация негізгі, 1 және 2 қосымшалардан тұрады. Негізгі декларацияда тек салық төлеушінің мәліметі көрсетіледі, ал 1,2 қосымшаларында табысы және мүлкі  туралы мәліметтер көрсетіледі.

-1қосымша мемлекеттік лауалымға немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адам және оның жұбайы (зайыбы) бастапқы декларацияларын  тапсырады. Бұл қосымшада сенімгерлікпен басқаруға берілген мүлік, банк шоттарындағы ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы активтері, жарғылық капиталындағы қатысу үлесі, қолма-қол ақша, жинақтаушы зейнетақы қорының атауы және сомасы, жылжымайтын мүліктің түрі, көлік құралдарының түрі міндетті түрде көрсетіледі.

-2 қосымша мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлға, мемлекеттік қызметші және оның жұбайы (зайыбы), Қазакстан Республикасының заңнамасына сәйкес, декларацияны тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғалардың басқа да санаттары кезекті декларацияларын тапсырады. Бұл қосымшада жинақтаушы зейнетақы қорының атауы және сомасы көрсетілмейді  меншік құқығында жылжымайтын мүлік пен көлік құралының түрі көрсетіледі және есептелген табыстар анықтамалық түрде толтырылады, оның ішінде:

  1. қызметкердің табысы

2.төлем көзінен салық салынатын табыстар

  1. төлем көзінен салық салынбайтын табыстар (мүліктік табыс, дара кәсіпкердің табысы, басқа да табыстар).

«Жеке табыс салығы және мүлкі туралы декларацияны» тапсыру үшін міндетті түрде электронды-цифрлік қолтаңба қажет.

   Қазіргі уақытта, мемлекеттік қызметкерлердің 95% пайызға жуығы жеке табыс салығы бойынша декларацияны электронды түрде өткізеді, сондықтан, салық төлеушілерге өзінің салық міндетін уақтылы орындауға барлық мүмкіншіліктер бар.

   230.00 нысаны бойынша «Жеке табысы және мүлкі туралы декларацияны»  өз мерзімінде табыс ету әр тұлғаның білместігі емес, салық заңнамасында көзделген міндеті және жауапкершілігі болып табылады.

A. Қасымханова

Панфилов ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы

Пікірлер қалдыруы жабылған.