Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Болашақта қамсыз өмір сүру қағидасы

 Жастық шақта зейнеткерлікке дейінгі өмір өте алыс әрі маңызды емес болып көрінетіні белгілі. Көп адам бүгінгі күнмен өмір сүреді. Тек зейнет жасына жақындағанда ғана болашақта алатын зейнетақысы туралы ойлатыны жасырын емес.  

Ендеше еліміздің қазіргі жинақтаушы зейнетақы жүйесінде зейнетақының қандай болатындығы адамдардың өздеріне тікелей байланысты екендігін тағы да еске саламыз. Яғни, әрбір азамат өзінің болашағы үшін өзі жауапты. Әрине, бұл жерде мемлекет зейнетақымен қамсыздандыруда өзіне тиесілі жауапкершіліктен жалтарады деген сөз емес. Қандай да бір себептермен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспаған, зейнетақы қорына жарна аудармаған адамға мемлекеттік бюджеттен базалық зейнетақы төленеді. Бірақ оның өзі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай тағайындалады. Егер 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі және одан кейінгі жылдардағы (жарналарды аударумен расталатын) еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе мүлдем жоқ болса, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызы ғана төленеді. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 пайызына ұлғайып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болған жағдайда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды. Биыл ең төменгі күнкөріс деңгейі – 29 698 теңге болса, оның 54 пайызы – бар болғаны 16037 теңге. Ал бұл ақшаға лайықты өмір сүруге бола ма?! Әрине, жоқ. Сондықтан зейнет жасында бала-шағаға масыл болмай лайықты өмір сүру үшін Қордан берілетін зейнетақы төлемдері қомақты болуы шарт. Ал ол үшін әрине, жалақыны конвертпен емес, ресми түрде алып, зейнетақы жарналарының Қорға тұрақты және толық мөлшерде аударылып отыруын үнемі қадағалап отырған дұрыс. Бұл үшін зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты интернет арқылы кез келген уақытта алу тәсілін таңдасаңыз жетіп жатыр.

Қор төлемдерінің маңызы біртіндеп артып келеді. Болашақта ол мемлекеттік бюджеттен төленетін ортақ зейнетақының орнын басады. Сондықтан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болашақ зейнетақыны ерте бастан жоспарлауда әрбір азаматқа көмектесуге дайын.

Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы жүйесі, БЖЗҚ қызметі туралы барлық маңызды ақпараттар Қордың enpf.kz ресми сайтында топтастырылған. Сонымен қатар зейнетақыға қатысты көңілде жүрген көкейкесті сұрақтарды осы сайттағы онлайн-чат, кері байланыс нысаны немесе Қордың әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы қойып, жан-жақты жауаптар алуға болады. Ендеше болашақты қазірден бастап ойлап, заман талабына сай өмір сүрейік!

 

Пікірлер қалдыруы жабылған.