Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

2019 жылдың 6 маусым күні  Панфилов ауданының “Қарлығаш” спорттық-сауықтыру лагерінің базасында Алматы облысының туристік-өлкетану экспедициясының “Менің Отаным – Қазақстан” слетінің салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараның бастамашысы-Алматы облысы білім басқармасы жанындағы дене шынықтыру, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім беру ғылыми-практикалық орталығы. Слет Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

 Слеттің мақсаты-балалар мен жастардың патриоттық және азаматтылық сезімін тәрбиелеу, экспедициялық отрядтардың туристік қызметін жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.

Слетке Панфилов, Еңбекшіқазақ, Қаратал, Жамбыл, Кеген, Іле, Сарқан, Көксу аудандары мен Текелі қаласының оқушылары қатысты.

Слетке қатысушыларды Алматы облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, мектептен тыс және интернаттық мекемелер бөлімінің басшысы

Г. Елубаева құттықтады.

Пікірлер қалдыруы жабылған.