Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

«Қарлығаш» спорттық-сауықтыру лагерінің  ашылуы туралы

          2019 жылдың 18 маусым күні  ауданымыздағы «Қарлығаш» спорттық-сауықтыру лагерінің  бірінші ауысымының ашылу салтанаты өтті.  

Аудан әкімінің атынан аудан әкімінің орынбасары Р. Мағрупова құттықтау сөз сөйледі. Ол балаларға көңілді, ұмытылмас демалыс және лагерьде жаңа достар табуға тілектес екенін айтты.

  Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы М. Тұрлыбеков  жақсы тілегін өз құттықтауында жеткізсе, «Қарлығаш» спорттық-сауықтыру лагерінің директоры С. Ракымғазиев   балалардың демалысы үшін барлық жағдай жасалғанын  айтып құттықтады.

Бірінші ауысымда аудан мектептерінің 180 оқушысы демалуда. Жоспар бойынша төрт  ауысым ұйымдастырылып ,  800 оқушы демалады.

   2019 жылдың жазғы каникул кезінде балаларды сауықтыру,демалысын ,бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 1-10 сынып арасындағы 23 856 оқушының   23 406-ы  қамтылады, бұл 98 % құрайды .

Пікірлер қалдыруы жабылған.