Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

“Түбіртек талап ет – жүлде ұтып ал!” акциясы жалғасуда

“Түбіртек талап ет – жүлде ұтып ал!” акциясына қазақстандықтар белсенді түрде қатысуда. Бүгінгі күні науқанның 37 099 қатысушысынан 490 904 чек тіркелген.

Қарағанды облысының тұрғындары 57 215 чек жіберген ең белсенділер болып шықты. Екінші орында Ақмола облысының қатысушылары – 46 924 чек. Үштікті Алматы облысының тұрғындары аяқтауда – 46 307 чек.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 1 мамыр мен 8 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының азаматтары “Чек талап ет – жүлде ұтып ал!” акциясына қатысуда. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізуде.

Акцияның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу.

Акцияны өткізу кезінде еліміздің әрбір тұрғыны кез келген сатып алу немесе ақылы қызмет көрсету арқылы смартфонның иесі болу мүмкіндігіне ие. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді төлеген чектерді “Таңдау” мобильдік қосымшасында тіркеу қажет. Акцияға деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының чектері (онлайн БКМ) қатысады. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмейді. Алайда, бір қатысушы тәулігіне бір БКМ-нен 10 чектен артық жібере алмайды. “Түбіртек талап ет – жүлде ұтып ал” республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде БКМ чектерін алған Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады.

“Таңдау” тегін мобильді қосымшасы (онда қатысушы мәліметтерін және алынған чекті тіркеу қажет) Google Play market және App Store-да жүктеу үшін қолжетімді.

Акцияның толық шарттары мен қосымшасымен жұмыс істеу нұсқаулығын www.trebui.kz науқан сайтынан көруге болады.

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған