Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

2019 жылғы 1 шілдеден бастап ЭШФ жазып берудің қағидаларында өзгерістер

2019 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы» бұйрығы қолданысқа енгізіледі. Бұйрық 1.01.2019 жылдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

ЭШФ шығару жөніндегі міндеттемесі бар тауарлар саудасымен айналысатын ЖШС және ЖК үшін өте маңызды өзгерістер – қағидалардың 70 және 71-тармақтарында көрсетілген өзгерістер болып табылады, олар 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап әрекет ете бастайды.

Тізбеге енгізілмеген тауарды, сондай – ақ ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тізбеге енгізілмеген тауарды өткізген жағдайда «2»-»белгісіне жататын ЭШФ-да тауарлардың шығу көздерін көрсету бойынша тауарларды өткізу кезінде 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ЖШС және ЖК үшін қағидалардың 70 және 71-тармақтары жаңа міндеттемелерге қатысты болады.

Бұрын, тауарларды сату кезінде олардың шығу көздерін көрсету жөніндегі міндеттеме тек «1» белгісіне жататын, яғни «алу тізбесінде»тұрған тауарларға қатысты болды.

Тауарлардың көпшілігі «2» белгісіне қатысты болғандықтан, қазір 2019 жылғы 1 шілдеден кейін тауарларды өткізу кезінде заңнаманы бұзуды болдырмау үшін мүмкін болатын шараларды қабылдау қажет

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Жетекші маман И.О.Огузов

Пікірлер қалдыруы жабылған.