Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Қазақстандықтар 3 млн.тенге мен автокөлік ұтып ала алады

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттықкәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасынадейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» жылсайынғы акцияcында 3 000 000 теңге жедел жүлделерді және басты жүлде автокөлікті ойынғасалады.

Акцияның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.

Осылайша, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарымызға салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысуына, және оның үстіне бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік береді.

Өткен жылдағыдай, ағымдағыжылы да акция «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл қосымшаны AppleAppstore және GooglePlaymarket-тентегін жүктеуге болады.

Акцияға онлайн-БКМ фискалды чегінің деректерін жіберу жолымен тауардың, жұмыстың немесе қызметтің тұтынғанын растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатысаалады.

Чекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі қаражатты бірден телефон теңгеріміне алу мүмкіндігін алады. Жедел сыйлықтардың жүлде қоры 3000000 теңгені құрайды. Барлық жіберілгенчектеракцияның бас жүлдесі – автокөлікұтысойынынақатысады.

Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарға видео арқылы шағым жасауы мүмкін. Акция кезінде ұтысқа онлайн-БКМ фискалды чектері қатысады.

Бас финал жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – автомобиль ұтысқа салынады. Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Осылайша, қатысушы қаншалықты көп чек жіберсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты  өсе түседі. 

Акция кәсіпкерлердің қолма-қол ақшамен тауарларды сатыпалғаны, жұмыстарды орындағаны және қызметтерді көрсеткені үшін ақшалай есеп-айырысулар кезінде чектердің беруін қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Бас маман Е.Мухамеди

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған