Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

      ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА

Электрондық коммерция Интернет арқылы жүзеге асырылатын тауарлар немесе көрсетілетін қызметтерді сатуды білдіреді. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге Интернет арқылы тапсырыс беріледі, алайда төлем және тауар немесе көрсетілетін қызметті жеткізу онлайн режимде де, сол сияқты әдеттегі режимде де жүзеге асырылады.

Электрондық ақша төлем жасау әдісі ретінде электрндық нысанда сақталатын және жүйенің басқа қатысушыларымен электрондық ақша жүйесінде  төлем құралы ретінде қабылданатын  электрондық ақшалар эмитетінің шартсыз және қайтарымсыз ақшалық міндеттемлері.

Электрондық терминал болып қолма-қол ақшаны беру (қабылдау) бойынша операцияларды жүргізуге,  ақша төлемдері мен аударымдарды жүргізуге, шетел валюталарын ауыстыру операцияларын және басқа да банктік операциялардың түрлерін, оның ішіде төлем карточкаларын қолдану арқылы, сонымен қатар, тиісті операциялардың жүргізілгендігін растайтын құжаттарды қалыптастыруға арналған электронды-механикалық құрылғы есептеледі.

Электрондық коммерцияға жатады:

  1. Ақпаратпен электронды алмасу
  2. Капиталдың электрондық қозғалысы
  3. Электрондық сауда
  4. Электрондық ақша
  5. Электрондық маркетинг
  6. Электрондық банкинг
  7. Электрондық сақтандыру қызметтері

 

Электрондық коммерция нарығы соңғы 20 жылда тұрақты даму үстінде, бұл интернет-қолданушылар санының қарқынды өсуімен, әлеуметтік желілердің және басқа интерактивті –онлайн платформалардың әсерінің өсуімен, электронды төлемдер жүйесінің дамуымен және нарықтағы жетекші қатысушылардың электрондық коммерцияға арналған жаңа технологиялық платформаларға көшуімен байланысты.  

 

АСБ-ның жетекші маманы Жарманова Ж.Б.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған