Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Панфилов ауданының жаңа әкімі таныстырылды

Облыс әкімі Амандық Баталов жұмыс сапарымен Панфилов ауданында болды. Бұған дейін ауданды басқарған Темірлан Бектасовтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жаркент өңіріне жаңа басшы тағайындау үшін облыс әкімі алдымен мәслихат депутаттарымен кездесіп, Президент Әкімшілігінің келісімімен аталған лауазымға Талғат Өмірәлиевті ұсынатынын жеткізді.

Өзара пікірлесуден кейін депутаттар ұсынысты қолдайтындарын айтып, бірауыздан дауыс берген соң облыс әкімі тағайындау туралы өз өкіміне қол қойды.

Мұнан соң Амандық Баталов аудан активімен жиын өткізді.
Т. Өмірәлиев сөз алып, сенім үдесінен шығуға уәде берді.

Талғат Әбенұлы Өмірәлиев
1961 жылы туған. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы облысы Қаскелең ауданы Ақсай ауылында «Ақсай» мемлекеттік асыл тұқымды мал зауыты химпунктінің шебер-реттеушісі болып бастаған.
Әр жылдарда «Жетісу» кеңшарының бас инженер-механигі, аға инженер-бақылаушысы, «Шамалған» кеңшарының бас инженері, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, «Дружба» кеңшарының директоры, «Достық» ассоциациясы басқармасының төрағасы, Қаскелең ауданы әкімінің орынбасары, Талғар ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Сарқан, Талғар аудандарының әкімі, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарды.
2017 жылдың шілдесінен – Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған