Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Құрметті мемлекеттік атаулы әлеуметтік

 көмек алушылар!

      Сіздерге Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 459 «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұрығына сәйкес мемлекеттік атаулы көмекті төлеу мерзімінің өзгергенін хабарлаймыз.

     Ережеге сәйкес алушыға атаулы әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті органның шешімі негізінде ақшалай нысанда жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді.

Төлем айына төлеу ведомосын қалыптастырғаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айда енгізілуге жатады.

Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.

Осыған орай 2019 жылғы қыркүйек айынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек кейінгі айдың 10 – ші күніне қарай төленеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған