Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Ваше мнение по качеству оказания государственных услуг

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

Электрондық счет-фактураны пайдалану тұралы

   Панфилов ауданы бойынша МКБ келесі ақпараты ұсынады:

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті:

      1) қосылған құн салығын төлеушілер;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;

      3) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;

      4) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;

      5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер.

     Салық төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын мынадай жағдайларды:

      1) салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.

      Аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады;

      2) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.

      Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатады.

        Электрондық нысандағы шот-фактура уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазып беріледі.

      Шот-фактурада мыналар көрсетілуге тиіс:

      1) шот-фактураның реттiк нөмiрi;

      2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің және алушының сәйкестендіру нөмірі;

      3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты – тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы;

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты – атауы. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанды көрсету бөлігінде дағдыларға, оның ішінде іскерлік айналымның дағдыларына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;

      4) шот-фактура жазып берiлген күн;

      5) Салық кодекстің416-бабында көзделген жағдайларда, өнім берушінің мәртебесі – комитент немесе комиссионер;

      6) акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциздің сомасы қосымша көрсетіледі;

      7) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;

      8) салық салынатын (салық салынбайтын) айналымның мөлшерi;

      9) қосылған құн салығының мөлшерлемесі;

      10) қосылған құн салығының сомасы;

      11) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;

     12) тауарларға қатысты – сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының коды.

      Электрондық нысанда жазып берiлген шот-фактура электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

  1. Шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда:

      1) есеп айырысулары:

      сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;

      төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген;

      2) есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;

      3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы жүзеге асырылған;

      4) теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;

      5) тауар дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;

      6) Салық кодекстің 397-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.

     Есеп айырысулары      сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы, төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген және есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактураны жазып беру талабымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге жүгінуге құқылы, ал өнім берушi оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сенім білдірілген тұлғасы арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi.

Панфилов ауданы бойынша МКБ

Жетекші маман И.О.Огузов

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған