Tiл:

Мәтін мөлшері/Размер текста

Zoom in Regular Zoom out

Сауалнамалар/Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Ақпарат

Информация

Банерлер

Байланыс

Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 129 тел: 8(72831)5-13-62
------------------------------------------------- Алматинская область, Панфиловский район, г.Жаркент, ул.Головацкого, 129 тел: 8(72831)5-13-62

“Жер учаскесін алу үшін кезекке қою” мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы

“Жер учаскесін алу үшін кезекке қою” мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрінің  2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген.

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың. облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

            Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

            Мемлекетті қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – 12 (он екі) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) барынша жол берілетін қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.

       Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

       Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті арнайы есепке алғаны туралы хабарламасы не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

          1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасында белгіленген нысан бойынша өтініш;

          2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін)

         Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.

Үлкенағаш ауылдық

округі әкімі аппаратының

бас маманы  Ж.Мурат

10.10.2019

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған