Салықтөлеушілердің назарына !!!
Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, мемлекеттік қызметті көрсеткенде бизнес-үдерісті тиімдеу мақсатында, салық органымен көрсетілетін «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» қызмет көрсету функциясын жойып, Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануға өту жолдары ұсынылды. Мемлекеттік қызмет көрсету функциясының жойылуы, бірнеше уәкілетті органдарда қызмет көрсетулер қайталануды болдырмауына мүмкіндік береді (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэро ғарыш өнеркәсібі министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржыминистрлігінің Мемлекеттік кірістеркомитеті). Осыған байланысты, 2020 жылдын 1 қаңтарынан бастап салық органында электрондық цифрлық қолтаңбаны беру жүргізілмейді. Сондықтан, салық органымен берілген электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланушылар бұдан ары, Халыққа Қызмет Көрсету Орталығымен берілген электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануды ескертеді.
Панфилов ауданы бойынша МКБ
Пікір үстеу